Сарайшық пен «Амина-Тур»: серіктестік жалғасуда!
2024 жылдан бері тұрақты серіктесіміз «Амина-Тур» туристік компаниясымен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде мыңдаған турист көне Сарайшықтың бай тарихымен танысты.
Жақында компания басшысы Гүлжан Құлынтайқызы Есетбаевамен кездесу өтіп, алдағы маусымға арналған жаңа жоспарлар мен тың жобалар талқыланды.
Алда келушілерді:
🔹 жаңартылған туристік маршруттар;
🔹 ерекше экскурсиялық бағдарламалар;
🔹 сапалы әрі жайлы саяхат мүмкіндіктері күтеді.
Тарихымызды бірге танытып, бірге дәріптей береміз.




