Балаларға – музей әлемі!

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мекеме қызметкерлерінің балаларына арналған «Балаларға – музей әлемі» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік іс-шара барысында балаларға түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар, балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, белсенді қатысқан бүлдіршіндер дипломдармен марапатталды.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттерге толы бұл күн барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
✨ Балаларды қорғау күні құтты болсын!




