Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ҚР Білім және ғылым министрлігінен ғылыми жобаға грант ұтты

2019 жылдан бастап “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Прорва-Астрахань лагерлері тарихын зерттеуді бастаған еді. Ол бойынша 2019 жылы мамыр айында Атырау облысы Жылыой ауданындағы Прорва мекеніне алғашқы ғылыми экспедиция жасалды. Экспедиция нәтижесінде биыл, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасы дайындалып, қаржылай қолдауға ие болды. Жоба жетекшісі – т.ғ.д., профессор Ахметова Ұлжан Төленгенқызы. Осылайша 2020-2022 жылдар аралығында “Сарайшық” музей-қорығы Прорва лагері бойынша зерттеулер жүргізбек.