Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Астанада өткен Халықаралық симпозиум Сарайшықта жалғасуда

Астанада өткен Халықаралық симпозиум Сарайшықта жалғасуда

21 мамырда “Сарайшық” сапар орталығында “Сарайшық” музей-қорығының ұйымдастыруымен «Шыңғыс хан ұрпақтары және Жошы Ұлысының тарихи кеңістігі: деректану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге халықаралық симпозиумға қатысқан Жошы Ұлысы тарихына қатысты қолжазбалармен жұмыс жүргізіп жүрген жапон зерттеушісі Хироюки Нагаминэ және қазақстандық тарихшылар Әбілсейіт Мұқтар, Ұлжан Ахметова, Жамиға Таңатарова, Аққали Ахмет қатысты.

Дөңгелек үстелде Жошы Ұлысы тарихынан көне қолжазбалардағы деректер, Алтын Орда мен Қазақ Хандығының сабақтастығы, Сарайшық қаласына қатысты деректер талқыланды. Қатысушылар шетелдік ғалымның ғылыми пікірлері мен тұжырымдарына ерекше қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.