Халықаралық симпозиум

Бүгін 19 мамырда Астана қаласында «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады.
Ауқымды ғылыми жиынға әлемнің 20-дан астам елінен тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Алтын Орда тарихын зерттеуші беделді ғалымдар қатысуда.
Халықаралық деңгейдегі маңызды басқосуға «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ә. Мұқтар да қатысып, көне Сарайшық пен Ұлық Ұлыс мұрасын насихаттау бағытындағы ғылыми жұмыстар аясында тәжірибе алмасуда.
Алтын Орда тарихы мен өркениетін жан-жақты талқылауға арналған симпозиумның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы әлемдік ғылыми қауымдастықтың ерекше назарын аударып отыр. Бұл – Ұлы дала өркениетінің тарихи мұрасын халықаралық деңгейде таныту жолындағы маңызды қадам.




