Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесу
Сарайшық музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекет тарихы институты директоры, т.ғ.д., профессор Еркін Әбілмен және Алтын Орда кезеңін зерттеуші, PhD доктор Жақсылық Сәбитовпен кездесті. Кездесу барысында ортағасырлық Сарайшыққа қатысты зерттеулер, оларды жүргізу тәсілдері және алдағы мақсат-міндеттер қозғалды. Нәтижесінде аталмыш Институтпен келісімшарт жасасу жөнінде келісілді.




