Сарайшықта соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу өтті

Сарайшықта соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу өтті
2026 жылдың 6 мамырында «Сарайшық» этнографиялық музейінде Екінші дүниежүзілік соғыс пен тыл ардагерлерін еске алуға арналған «Сарайшық соғыс жылдарында. 1939–1945 жж.» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Музей директорының алғысөзімен басталған шара барысында соғыс құрбандарының рухына Құран бағышталып, тағзым етілді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа тарихты насихаттау және соғыс жылдарындағы ауыл тынысын көрсету.
Қатысушылар арнайы дайындалған Сарайшық ауылының картасына өз ата-әжелерінің есімдерін стикермен жапсырып, тарихи сабақтастықты жаңғыртты.
«Майданнан хат» бөлімінде ардагерлердің болашақ ұрпақтарына арнаған хаттары оқылды.
Ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді. Ерлік ешқашан ұмытылмайды.




