Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ғалым. Журналист. Көшбасшы: Қылышбай Сүндетұлы мұрасы

Ғалым. Журналист. Көшбасшы: Қылышбай Сүндетұлы мұрасы

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, көрнекті ғалым Қылышбай Сүндетұлының ғылыми мұрасына арналған республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарда “Сарайшық” музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар “Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуге қосқан ғалым” атты тақырыпта баяндама жасады.

Қылышбай Сүндетұлы ғалым ретінде тарих пен журналистика саласында құнды еңбектер қалдырып, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Сонымен қатар кәсіподақ саласында белсенді қызмет атқарып, ұстаздар мен ғылым қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде айрықша еңбек етті.