Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Аралсор – 2026» ғылыми экспедициясы

«Аралсор – 2026» ғылыми экспедициясы

🔰Бүгін «Сарайшық» сапар орталығына арнайы «Аралсор – 2026» ғылыми экспедициясы және Жайық өзені алабы бойынша «Оренбург – Орал – Аралсор – Индер – Атырау» бағытындағы кешенді экспедиция келіп жетті.

🔷Аталған ғылыми сапар өңірдің табиғи-географиялық ерекшеліктерін зерттеуге, Жайық өзені алабының экологиялық жағдайын зерделеуге және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

🔹Экспедиция құрамында:

– Чибилёв Александр Александрович — география ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының академигі, Орынбор қаласындағы Дала институтының өкілі;

– Падалко Юрий Алексеевич — Орынбордағы Дала институтының ғылыми қызметкері;

– Курбанов Реджеп Нурмурадович — М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері;

– Рамазанов Серік Кішібекұлы — география ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан университетінің доценті;

– Галимов Мирас Амангельдиевич — география ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан университетінің өкілі;

– Тургумбаев Ахан Аскарович — жаратылыстану-география факультетінің деканы, Батыс Қазақстан университеті.

🔹Құрметті қонақтарға өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасы таныстырылып, «Сарайшық» сапар орталығының қызметі жөнінде ақпарат берілді.

🔹Осындай ғылыми экспедициялар өңірдені тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттауға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға зор үлес қосады.

Қонақтарға нәтижелі жұмыс пен сәтті сапар тілейміз!