“Жас археологтар” үйірмесі ашылды
Президент Қ.Ж.Тоқаевтың «Балалар үйірмесін» қайта қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Сарайшық» музей-қорығы балаларға арнап «Жас археологтар» үйірмесін ашты. Үйірмеге қатысушыларға көне қала орнындағы қазба нысандары таныстырылып, Сарайшық қаласының археологиялық жұмыстары тарихынан мәліметтер берілді.




