Ғылыми жетістік
🔷Сарайшық ғалымдарының мақаласы халықаралық Scopus дерекқорында жарияланды.
🔹«Сарайшық» музей-қорығы ғалымдарының зерттеуі халықаралық деңгейде мойындалды. Музей-қорық ғалымдары Ә.Мұқтар, А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев, Ж.Байғалиев және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарихшы Ұ. Ахметова бірлесіп жазған «Сарайшық қаласындағы дромосты сағана: археологиялық зерттеу нәтижелері» атты ғылыми мақала Scopus дерекқорына енген «Қазақстан археологиясы» журналының 2026 жылғы №1 санында жарық көрді.
🔹Аталған мақалада 2024 жылы Сарайшық қалашығындағы №6 қазба барысында анықталған ерекше дромосты сағанаға жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында сағана Алтын Орда кезеңіндегі жерлеу-ғұрыптық сәулеттің өзіндік ерекшеліктері бар бірегей үлгісі ретінде сипатталған.




