Ғылыми мұра – ұрпаққа аманат

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері К. Каримова “Сарайшық” музей-қорығы ғалымдарының “Алтынордалық Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай қалалары: тарихы және археологиясы” ұжымдық моногрфиясын М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасының қорына табыстады.
Бұл игі бастама ғылыми еңбектердің қолжетімділігін арттырып, зерттеушілер мен студенттердің тарихи танымын кеңейтуге мүмкіндік береді.




