Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Жас музейтанушы” үйірмесі ашылды

“Жас музейтанушы” үйірмесі ашылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына үндеуінде сапалы білім қалыптастыру жолында «Балалар үйірмесін» қайта қалпына келтіруді мәселе етіп көтерген болатын. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мәселенің өзектілігін терең ұғынып, Президент тапсырмасын орындауда.
21 қазанда балаларға арналған «Жас музейтанушы» үйірмесі өз жұмысын бастаған болатын. Үйірмеге қатысушыларға алдымен «Сарайшық» музейінің құрылу тарихымен таныстырып, музей мәдениеті, қорлардың жасақталуы және жәдігерлер жөнінде баяндап берді. Үйірме сағаты баяндау, сұрақ-жауап әдісімен еркін сұхбат түрінде өтті.