Еңбек тәртібін сақтау мәселесі талқыланды

2026 жылдың 16 наурызында “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының заңгері Э. Урынбасарова мекеме қызметкерлеріне еңбек тәртібінің сақталуы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін таныстырды.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, алдағы уақытта бұл бағыттағы талаптардың қатаң бақылауға алынатыны айтылды.




