Атырау облысы әкімі Сарайшықта

17 қазанда Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов жұмыс сапарымен «Сарайшық» музей-қорығына арнайы келіп, көне қала орнында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатырған тұрғын үй-жайларды және “Хан моласы” қазба орнында болды. Ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихи ескерткішінің өзекті мәселелерімен облыс әкімін музей-қорық директоры Ә. Мұқтар таныстырды. Алда атқарылатын жұмыстар уәкілетті органдар басшыларымен талқыланып пысықталды.




