«Saraishyq quiz»

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарайшық керуені» мобильді көрмесі аясында №19 мектеп-гимназиясының 10–11 сынып оқушыларына арналған «Saraishyq quiz» атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.
Сайыс барысында оқушылар ортағасырлық Сарайшық қаласы орнынан табылған жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді, заманауи қызықты сұрақтармен танысты, сондай-ақ суреттерде жасырылған мақал-мәтелдерді тапты.
Зияткерлік ойын жастардың тарихи білімін байытып, ұлттық мәдениет пен мұраға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.




