Ортағасырлық Сарайшықтың археологиясы

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми қызметкері Айкөркем Мұстажап «Сарайшық керуені» мобильді көрмесі аясында Атырау қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Ортағасырлық Сарайшықтың археологиясы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында ортағасырлық Сарайшық қалашығы орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары жайлы жан-жақты мәлімет беріліп, зерттеу нәтижелері таныстырылды.




