Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Saraishyq quiz

Saraishyq quiz

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарайшық керуені» мобильді көрмесі аясында Атырау қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Saraishyq quiz» атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Бұл танымдық шараға 9–10 сынып оқушылары ерекше қызығушылықпен қатысып, өздерінің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және тарихи танымын көрсете білді. Қатысушылар ойын барысында белсенділік танытып, сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап берді.