Ғылыми ынтымақтастық кездесу
Бүгін “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар «Жошы Ұлысын» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Жақсылық Сабитовпен кездесті.
Кездесу барысында Алтын Орда дәуірі мен Сарайшық тарихына қатысты ғылыми зерттеулер, бірлескен жобалар және болашақтағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар өзара ғылыми еңбектермен алмасты.




