Музей-қорық мамандарының “Мәдени мұра” ғылыми журналына мақалалары шықты

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Мұқтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің “Мәдени мұра” ғылыми журналының кеңес мүшелерінің қатарына қабылданды. 2020 жылдың бірінші санында Сарайшық музей-қорығының ғылыми қызметкерлері магистр А.Жұмабаевтың және магистр Ж.Диярованың мақалалары жарияланды.






