Атырау өңірінің бай тарихын ашатын маңызды ғылыми еңбек жарық көрді!

Дөңгелек үстел аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2024–2025 жылдарға арналған ғылыми бағдарламасы шеңберінде дайындалған «Алтынордалық Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай қалалары: тарихы және археологиясы» атты ұжымдық монографияның салтанатты таныстырылымы өтті.
Бұл еңбекте Атырау өңіріндегі ерте қалалық мәдениеттің қалыптасу тарихы, археологиялық зерттеулердің нәтижелері кеңінен қамтылып, Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалардың халықаралық саудадағы маңызы жан-жақты баяндалған.
🔍 Монографияның басты жетістіктерінің бірі — алтынордалық ескерткіштерден табылған нумизматикалық олжалардың ғылыми тұрғыдан атрибуцияланып, остеологиялық материалдардың археозоологиялық кешенді зерттелуі.
⚜ Еңбектің тұсаукесер рәсімі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Сейітжанұлы мен бағдарлама жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ұлжан Төлегенқызының қатысуымен өтті.
👏 Таныстырылым барысында еңбек көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, авторларға алдағы зерттеулеріне сәттілік пен шығармашылық табыс тілектері айтылды!




