“Сарайшық” музей-қорығы ғалымының мақаласы Scopus журналында жарияланды.

“Сарайшық” музей-қорығының ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаевтың (авторлық бірлікте П. Петров, А. Астафьев) Q-1-ге кіретін халықаралық Scopus дерекқорына енетін Stratum Plus журналында “Логистические центры XIV века на «Шелковом пути» в Западном Казахстане по нумизматическим данным” атты мақаласы жарық көрді. Мақаланың мақсаты – Алтын Орда дәуіріндегі Батыс Қазақстандағы керуен жолдары бойындағы тауар-ақша қатынастарының динамикасын зерттеу болып табылады.




