Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

2025 жыл қорытындысына арналған Ғылыми кеңес отырысы өтті

2025 жыл қорытындысына арналған Ғылыми кеңес отырысы өтті

«Сарайшық» сапар орталығында 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі алғашқы мәселесі бойынша 2025 жылғы мекеменің жылдық есебін музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар таныстырды. Тарихи мұраны қорғау және ғылыми қор және музей қызметі бөлімінің меңгерушілері толықтырып өз жұмыстарынан есеп берді. Сонымен қатар, мекеменің бас есепшісі А. Қайреденова 2025 жылғы қаржылық есеппен таныстырды. Әлеуметтік желі және оның нәтижесі бойынша PR менеджер М.Лекерова мен музей-қорықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және Quant Workspace платформасы бойынша заңгер Э. Урынбасарова баяндады. 2026 жылға арналған музей-қорықтың даму, медиа жоспарларымен және ғылыми кеңес жоспарымен ғалым хатшы А. Жұмабаев тансытырды. Кеңес отырысына Ғылыми кеңес мүшелері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Төлеген Жаңабай, э.ғ.д., профессор, өлкетанушы Бақтыбек Таубаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, т.ғ.д., Ұлжан Ахметова, Атырау облысы Білім саласына қатысты бірлескен кәсіподақтар төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, т.ғ.к. Марат Қасенов, Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев, «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі Қазбек Айтқалиев, Сарайшық ауыл ардагерлері Нығмет Құрмашев, Қабіржан Амиров, Хадим Сисенғалиев және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Отырыста Ғылыми кеңес мүшелері мен қатысушылар көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.