Халықаралық симпозиум аясында 1-секциялық отырыс өтті

Атырауда өтіп жатқан «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми симпозиумы аясында «Ортағасырлық тарихи-мәдени мұраларды қалыпқа келтіру және жаңарту мәселелері» тақырыбындағы 1-секцияның отырысы өтті.
Секция модераторлары:
• Сәдуақас Ағытаев — Халықаралық архитектура академиясының профессоры, архитектор
• Мехрибану Глаудинова — архитектура докторы, ҚазБСҚА ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі
Баяндамашылар:
Секциялық отырыста келесі мамандар ғылыми баяндамаларын ұсынды:
• Ляйля Тұрғанбаева — архитектура докторы
• Сәдуақас Ағытаев — Халықаралық архитектура академиясының профессоры, архитектор
• Нурида Гусейнова — суретші-реставратор
• Наргиза Каландарова — «Жібек жолы» халықаралық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері
• Гульноза Матчанова — докторант, жоғары санатты суретші-реставратор
• Тетяна Крупа — профессор, Археологиялық зерттеулер институтының «Ұмай» халықаралық зертханасының меңгерушісі
• Еркеболат Тоқмағамбетов — архитектура кандидаты
• Вячеслав Плахов — археолог, Сарайшықтанушы
• Владимир Бездудный — тарих ғылымдарының кандидаты, профессор
• «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары.
Секциялық отырыс халықаралық сарапшылардың ғылыми тәжірибесін біріктіріп, ортағасырлық мұраны зерттеу, сақтау және жаңғырту бағытындағы маңызды пікірталас алаңына айналды.
![]() |
![]() |





