Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық – Сарай Бату қалалары арасындағы керуен жолдарын зерттеу экспедициясы Қошалақ елді мекенінде болды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экспедиция мүшелерi
“Сарайшық-Сарай Бату” арасындағы керуен жолдарын зерттеу мақсатында 5-8 қыркүйек аралығында Құрманғазы, Исатай аудандары аумағында орналасқан Нарын құмына iссапарға шықты. Экспедиция мүшелерi тоқтаған алғашқы нысан Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі, көрнекті қаламгер Жұмекен Нәжімеденовке қойылған Қошалақ елдi мекенiндегi ескерткiш белгi болды.