“Айсырға” кітабының тұсаукесері өтті!

2025 жылдың 23 қазан күні “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен “Сарайшық – тарихи мұраның алтын қазығы” атты дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғалымдары академиясының академигі, жазушы-публицист, өлкетанушы Өтепберген Әлімгерейұлының жаңа кітабы — “Айсырға” көпшілікке таныстырылды.
Кітаптың тұсауын кесу Өтепберген ағаның зайыбы Нәзира Шафихқызы мен Қазақстанның Құрметті журналисті, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Құрмет орденінің иегері Төлеген Жаңабайұлына ұсынылды.
Шарада Өтепберген Әлімгерейұлының шығармашылығы туралы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист, әріптесі Төлеген Берішбаев кеңінен баяндап, жазушының қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қосқан зор үлесін атап өтті.
“Айсырға” кітабы — қазақ халқының болмысын, салт-дәстүрін дәріптейтін құнды мұра. Бұл кітап еліміздің бай мәдениетін танытып, әр ұрпаққа оны қайта жандандыратын шығармашылық еңбек болып табылады.




