М. С. Бердімұратов пен Ө. Әлімгерейге арналған көрменің ашылуы

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Сарайшық мұрасын зерттеуге зор үлес қосқан өлкетанушылар М. С. Бердімұратов пен Ө. Әлімгерейге арналған «Сарайшық – тарихи мұраның алтын қазығы» атты дөңгелек үстел мен көрменің ашылу салтанаты өтті.
Алғы сөзді музей-қорық директоры Әбілсейіт Қапизұлы және Махамбет ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Латифұлы сөйледі.
Көрмені ашу салтанаты Өтепберген ағаның зайыбы Нәзира Шафихқызына және Молдаш ағайдың қызы Гүлшат Молдашқызына ұсынылды.
Келген қонақтар көрмені тамашалап, өлкетанушылардың жеке заттарымен, марапаттарымен және еңбектерімен танысты.
![]() |
![]() |





