Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

25 қазан – Республика күніне арналған дәріс

25 қазан – Республика күніне арналған дәріс

2025 жылдың 21 қазан күні «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Ж. Байғалиев Атырау облысы, Бейбарыс ауылындағы А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларына «Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы және оның дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында Қазақ хандығының астанасы болған — Сарайшық қаласының тарихы, археологиялық зерттеулердің нәтижесі, және тәуелсіздік кезеңінде ескерткіште жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мағлұматтар берілді.