E-museum

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы О. Сағынбаева Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырған «Музей каталогына жауапты мамандарды тарту, экспонаттарға қатысты мәліметтерді өңдеу және оларды “E-museum” веб-порталына енгізу» тақырыбындағы семинарға қатысып, кәсіби біліктілігін арттырды.
“E-museum” платформасының мүмкіндіктері, экспонаттар туралы мәліметтерді енгізу тәртібі мен цифрлық каталог жүргізудің әдістемесі бойынша семинар барысында алған тәжірибе мен білімімен музей-қорық ұжымымен бөлісті.
Аталған платформа – еліміздегі музей коллекцияларын кең аудиторияға қолжетімді етуге бағытталған маңызды құрал. Осы бағытта «Сарайшық» музей-қорығында да цифрлық жүйеге көшу, жәдігерлерді онлайн кеңістікте таныстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.




