Жаңалықтар

2025 жылы №6 қазба орнында жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде бөлме орны анықталды. Аталған бөлме қазбаның оңтүстік-батыс бұрышында орналасқан. Оның суфасы П пішіндес болып жасалған, ал едені ақ алебастрмен төселген. Бөлме ішінде тандыр пеші мен қан (жылу өткізу) жүйесінің іздері сақталған. Қабырғалардың ішкі беті ақ алебастр қабатымен жабылған. №6 қазбаның жетекшісі – Амангелді Жеңісұлы.




