15 тамыз – Археологтар күні!

Бүгінгі кәсіби мерекеге орай “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары экскурсия жетекшілеріне ортағасырлық Сарайшық қаласының орнынан табылған нысандарды таныстырып, арнайы дәріс оқыды.
Музей-қорық ұжымы кәсіби мерекелерімен әріптестеріміз – Айбек Тұрарұлы, Амангелді Жеңісұлы және Жүніс Рүстемұлын шын жүректен құттықтайды!
Археология саласындағы еңбектеріңіз бен тынбай ізденісіңіз үшін алғыс айтамыз!




