Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығының археологтары Жошы Ұлысының астанасы — атақты Сарай-Бату қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда.

«Сарайшық» музей-қорығының археологтары Жошы Ұлысының астанасы — атақты Сарай-Бату қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары біліктіліктерін арттыру мақсатында тарих ғылымдарының докторы Е. Пигаревтің жетекшілігімен жүргізіліп жатқан Жошы Ұлысының астанасы — атақты Сарай-Бату қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда.  Аталған жұмыстарға «Сарайшық» музей-қорығы мамандарымен қатар, Татарстан және Марий Эл республикаларынан келген археологтар да тартылған. Зерттеу барысында Сарай-Бату мен Сарайшық қалалары арасындағы тарихи байланыстар, қазба материалдары, сондай-ақ құрылыс нысандарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар ғылыми тұрғыдан салыстырмалы түрде қарастырылуда.  Өзара ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттырып, ортағасырлық қалалар тарихын тереңірек зерделеуге мүмкіндік беруде.