Ата заңымыздың 25 жылдығы құтты болсын
Құрметті қазақстандықтар!
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған халқымыз тағдырлы шешім қабылдап, жаңа дәуірге нық қадам басқан еді. Ата Заң біздің жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды, мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы боп бекіді. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – Конституцияның 25-жылдығымен баршаңызды “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” ұжымы құттықтайды.
Қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын!




