Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Тұңғыш Президентке жаңа мәртебе берілді

Тұңғыш Президентке жаңа мәртебе берілді

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа БҰҰ тарапынан «ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесі берілгенін зор ризашылықпен қабылдады. Өткен ғасырдың соңында өз аумағындағы ядролық сынақ полигонын тарихта бірінші болып жапқан Қазақстанның бастамасы «ядролық клуб» елдеріне үлгі болды. Бұл шешімді қабылдау елімізге оңай болмағаны белгілі.
Кез келген азамат үшін «бейбітшілік» сөзінің құны жоғары екенін білеміз. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз.
Бұл мәртебе бүкіл дүние жүзіне, барлық халықаралық қоғамдастық үшін сенімге, бейбітшілік пен келісімге деген белгі болары анық.