Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықтағы ғылыми жобалар аясында табылған жәдігерлер музей қорына қабылданды

Сарайшықтағы ғылыми жобалар аясында табылған жәдігерлер музей қорына қабылданды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сатып алу (іріктеу) комиссиясы 2023 жылы бірнеше археологиялық қазбалар барысында табылған құнды жәдігерлерге сараптама жасап, оларды музей қорына қабылдау туралы шешім қабылдады.

Жәдігерлер келесі ғылыми жобалар аясында табылған:

🔹 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (XIII–XIV ғғ.)» жобасы (2023 ж., №2 қазба);

🔹 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің BR10164208 бағдарламасы бойынша жүргізілген «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (XIII–XV ғғ.)» жобасы (2023 ж., №3 қазба);

🔹 Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық зерттеулері;

🔹 Сондай-ақ, «Музейге-сый» акциясы арқылы қабылданған жәдігерлер.

Оның ішінде: күміс және мыс тиындар, онгондар, алтын топса фрагменті, альбарелло және т.б. этнографиялық жәдігерлер бар.