Сарайшық қоры жез құманмен толықты
Исатай ауданының тұрғыны Мұратова Бағдат Елеусінқызы «Сарайшық» музей-қорығына көне жез құманды сыйға берді. Жез құман саудагерлікпен айналысқан атасы Мұқанов Қажығалидан қалған. Жәдігер ХІХ-ХХ ғасырдың басы ретінде мерзімделеді.




