“Сары айдың сәулесінде…” атты Музей түні шарасы

“Сары айдың сәулесінде…” атты Музей түні шарасының ашылу салтанатында Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ербөлек Махамбет Аманқосұлы құттықтау сөз сөйлеп, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірқатар қызметкерлерін 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Махамбет ауданы әкімінің “Алғыс хатымен” марапаттады.
Марапат иелері:
Мұстажап Айкөркем Шалхарқызы
Каримова Карина Гибадатовна
Гизатова Алмагүл Саубаевна
Шауденова Айман Кикбаевна
Шеркешбаева Әсем Серікқызы
Бұл марапаттар — музей қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегі мен мәдени мұраны насихаттауға қосқан үлесінің белгісі.




