Сарайшық – Сарай Бату қалалары арасындағы керуен жолдарын зерттеу экспедициясы өз жалғасын тапты

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының ғылыми-зерттеу экспедициясы Сарайшық – Сарай-Бату қалалары арасындағы керуен жолдарын зерттеу мақсатындағы жұмыстардың жалғасы ретінде, 7-8 шілде аралығында Нарын құмының бір бөлігі Айбас елді мекеніне археологиялық барлау экспедициясын ұйымдастырды. Айбас өңірі солтүстік-батысында Батыс Қазақстан облысының аумағымен шектеседі. Айбас – Беріш-Жайық Сатыбалдының үлкен баласы болған делінеді. Экспедиция маршруты: Атырау-Сарайшық -Тұшықұдық- Айбас елді мекені – Тұшықұдық – Сарайшық – Атырау бағыты бойынша жүрді. Экспедиция құрамына тарихшы-археологтар, жергілікті өлкетанушы Шеген Неталиев енгізілді.




