Музей-қорық қорына сармат жәдігерлері табысталды
“Сарайшық” музей-қорығы елімізде орын алған карантин кезінде қашықтан жұмысын жалғастырып, «Музейге сый» акциясы арқылы мол жәдігерлер жинақтады. Олардың қатарында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның департамент директоры Рауан Сабыров та бар. Ол 2 мың жыл бұрын аймағымызды мекен еткен сармат тайпаларына тиесілі жәдігерлерден бастап XIX-XX ғасырларда жасалған жеке коллекциясындағы бұйымдарды «Сарайшық» музей-қорығына тапсырды. Ол турасында еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» 2020 жылғы 6 тамыздағы №148 (29877) санында мақала жарияланды.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/244483-munayshy-syylaghan-dgadiger




