Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік» республикалық экспедициясы

«Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік» республикалық экспедициясы

Бүгін, “Сарайшық” музей-қорығына арнайылап «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік» республикалық экспедициясының мүшелері келді. Экспедиция құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист Қасымхан Бегманов, «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» құрылтайшысы Қанат Зейноллаұлы, қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосан, тарих ғылымдарының докторы, этнограф Ахмет Тоқтабай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Қалиев және т.б. болды.

Қатысушылар музейден кейін ортағасырлық Сарайшық қаласы орнымен танысты, қазақ этнографиясына қатысты құнды деректерімен бөлісті.