Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдар Сарайшықта болды

2020 жыл 24 шілдеде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, белгілі археолог Мұрат Сыдықов пен университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты Қажымұрат Ахмеденов іс-сапармен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болды. Ғалымдарға музей-қорықтың атқарылып жатырған жұмыстары таныстырылып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды қолға алу келісілді. Ғалымдар «Сарайшық» музей-қорығының атқарып жатырған жұмыстарына жақсы бағалап, сәттілік тіледі.