Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорық бас инспекторы А.Жұмабаев «Ұлы Дала астаналарының тарихы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты

Музей-қорық бас инспекторы А.Жұмабаев «Ұлы Дала астаналарының тарихы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты

2020 жылдың 6 шілдесінде – Елорда күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала астаналарының тарихы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға отандық тарихшы ғалымдар мен археологтар, музей қызметкерлері мен туризм саласының мамандары қатысты. Конференцияда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы Жұмабаев Амангелді «Сарайшық – Ұлық Ұлыс, Ноғай ордасы, Қазақ хандығының астанасы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Сарайшықтың тарихи ролі, дереккөздер және Қасым ханның алтын тағы туралы айтылды. Сарайшықтың әлемдік мәдениеттер тоғысқан орталық ретіндегі айғақтар келтірілді.