Республикалық дөңгелек үстел
2025 жылы 20 ақпан күні, сағат 10-00 де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК бірлесе «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында өткізетін республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұраларын қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелерін саралау, оны қалың жұртшылыққа насихаттау, туристік салада алатын орнын көрсету, өскелең ұрпақтың санасында көне мұраларға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК «Жошы Ұлысы (Алтын Орда) кезеңінің тарихи-мәдени мұралары» атты көрме ұйымдастырады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі




