Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық – Сарай-Бату арасындағы керуен жолдарын зерттеу» археологиялық барлау экспедициясы Елекен обасында

«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының» ғылыми-зерттеу экспедициясы барған тағы бір ескерткіш Елекен обасы. Елекен обасы алыстан байқалатын биік жерде, басына триангуляциялық белгі орнатылған. Тастай Неталиевтың хабарлауынша «қауымда жас бала жатыр. Ол оқыстан қаза болған. Бай әкесі оны есте сақтау үшін 80 түйемен алыстан тас алдырытып арнайы биік етіп үйгізген». Сонымен бірге Тастай Неталиев шежіреші Қапиз Мұқтаровтың «Мен Орпада туып өстім. Ел ішіндегі қарттардың Елекеннің қалмақ ханының баласы екенін, оның жастай қайтқанын және ханның баласына арнап қорған салғанын талай естігенмін» деп естелік айтатынын да жеткізді.
Құм ішін барлау кезінде Тастай ұлдары Шыңғыс пен Қасымхан сармат тайпасына тиесілі қола жебе тауып, экспедиция мүшелерiне табыстады.