Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық қазба орындарын сақтау – ортақ міндетіміз!

Сарайшық қазба орындарын сақтау – ортақ міндетіміз!

2024 жылы “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы археологтары ортағасырлық Сарайшық, Қарағайлы және Ащысай қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары аяқталған соң ашылған тарихи нысандарды сақтау және қорғау қажет. Сондықтан ашық аспан астындағы тарихи мұраларды жел, жаңбыр, қар сияқты табиғат құбылыстарынан сақтау мақсатында нысандар арнайы тұмшалаушы материалдармен жабылды.

Бұл жұмыстар еліміздің тарихи-мәдени мұрасын келер ұрпаққа аманаттау үшін аса маңызды.

Баршамызды тарихи мұраларды қорғауға және қолдауға шақырамыз!