“Сарайшық” музей-қорығы зертханалық микроскоппен қамтылды.

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған “Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)” (жетекшісі – т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова) бағдарлама аясында стереоскопиялық “MAGUS Stereo D8TR” цифрлы микроскопына қол жеткізді. Зертханалық аспап ғылыми жұмыстармен айналысуға арналған.




