Ащысай мекеніндегі қазба жұмыстары

“Сарайшық” музей-қорығы археологтары 2022 жылы барлау экспедициясы кезінде облыс аумағынан Қарағайлы атты алтынордалық ірі мекенді анықтаған болатын. 2024 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы аясында Ащысай мекенінде алғаш рет қазба жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова.




