Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Этнографиялық экспедиция мүшелері Сарайшықта

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына тарих ғылымының кандидаты, Нұр-Мубарак университетінің оқытушысы Д.Қатыранның бастауымен, құрамында жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты М.Тәжімұрат, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Мұхитов, музей мамандары бар этнографиялық экспедиция мүшелері келді. Сарайшықтағы Хандар кесенесінде, этнографиялық көрмеде болып, ортағасырлық Сарайшық орнындағы археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.