«Музейлердің туризмде алатын орны: мәдени туризмді қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтті
Бүгін, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Музейлердің туризмде алатын орны: мәдени туризмді қалыптастыру» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Шараға Атырау облыстық туризмді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ж. Сабырғалиева, Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысының міндетін атқарушы Н.Сәменова, мекеме инспекторы Т.Құрманов, Атырау Nomads саяхат клубының мүшесі А.Нұрғалиев, Қызыл үй орта мектебінің музей жетекшісі О.Дауытбаев, Махамбет тарихи-өлкетану музейінің басшысы К.Байгужина, Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік музейінің ғылыми қызметкері Ә.Оразғалиева, экскурсия жетекшісі Ә.Асқарқызы, Жылой ауданы «Атамұра» музейі экскурсия жетекшісі А.Тұрсынова, журналист Қ.Айтқали қатынасты. Шараны мекеме басшысы Ә.Мұқтар бастап, Сарайшық музей-қорығының жұмыс барысын баяндап, мәдени туризм мәселесінің өзектілігіне қарай ортаға ой тастап, пікір айтуға шақырды. Қатынасушылар музейлердің туризмдегі орнын анықтаудағы басты мәселелерді талқылады.
![]() |
![]() |





