Женева дипломатиялық корпусының президенті Робер Блюм мырза Сарайшықта

2024 жылдың 20 маусым күні «Сарайшық» сапар орталығына арнайы Женева дипломатиялық корпусының президенті Робер Блюм келіп, ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен және көне қала орнындағы археологиялық жұмыстарымен танысты. Экскурсия соңында музей-қорық жұмыстарына сәттілік тілеп, қолтаңбасын қалдырды. Музей-қорық тарапынан мекеме директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар мекеменің ғылыми еңбектерін сыйлыққа берді.





